5.02.2024, 11:45
Оқылды: 26

Бөрлілік каратэшылар жоғары нәтиже көрсетті

2-4 ақпан аралығында Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте каратэден «BISHKEK OPEN» XVI халықаралық турнирі өтті. Аталған жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Ресей мемлекеттерінен 1000-ға жуық спортшылар қатысты. Міне, осы турнирде Батыс Қазақстан облысы командасының құрамындағы Бөрлі ауданының 13 спортшысы сынға түсіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

БӨРЛІЛІК КАРАТЭШЫЛАР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Бөрлілік Санжар Тажгалиев 12-13 жастағы ұлдар арасында -35 келі салмақта кумитэ бағдарламасы бойынша І орын иеленсе, 6-7 жастағы қыздар арасында -23 келі салмақта Аруназ Жаутекова жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. 6-7 жастағы қыздар арасында -26 келі салмақта кумитэ бағдарламасы бойынша Жаутекова Айкоркем ІІ орын, 6-12 жасқа дейінгі ұлдар арасында командалық ката бойынша ІІ орынға Азиз Ибадуллаев, Нұртас Дастан, Ерназар Ижекенов лайық деп танылды. Сонымен қатар 10-11 жастағы ұлдар арасында ката бағдарламасы бойынша Азиз Ибадуллаев пен осы жастағы қыздар арасында Жасмин Жаманова күмістен медаль тақса, 10-11 жастағы қыздар арасында -36 келі салмақ дәрежесінде кумитэ бағдарламасы аясында Айша Барлыбай күміс медальді місе тұтты. Ал 12-13 жастағы қыздар арасында -52 келі салмақта кумитэ бағдарламасы бойынша Юн Тея мен 18 жастан жоғары әйелдер арасында -61 келі салмақта кумитэ бағдарламасы бойынша Динара Мақажанова жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Бөрлі ауданының спорт бөлімі халықаралық турнирде жеңіске жеткен спорт саңлақтары мен оларды жаттықтырған Дархан Сапаровты құттықтап, алдағы уақытта да жоғары нәтижеге жетуге тілектестік білдірді.

БӨРЛІЛІК КАРАТЭШЫЛАР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ4

БӨРЛІЛІК КАРАТЭШЫЛАР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ3 (1)

Аслан Нұразғали,
Бөрлі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале