6.02.2024, 14:45
Оқылды: 53

БҚО-да ер адам 17 жастағы балаға оқ атқан

Оқиға 3 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болған. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция ЖП

- Шамамен 13:30 шамасында Чапев ауылынан 11 шақырым қашықтықта 29 жастағы ер адам 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Олар аңға шыққан. Оқиға салдарынан жасөспірім жараланып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігіне ( абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сай тергеу басталды, - делінген  БҚО ПД баспасөз хабарламасында.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале