7.02.2024, 12:00
Оқылды: 50

Еуроодақ елдеріне мың тоннадан астам заңсыз ауланған балық экспортталды

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

7efacf210886e46da0b47a993d5e5101_1280x720

Фото: gov.kz

Балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМН-ның Алматы облысы бойынша Департаменті жүргізіп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспортқа шығарғанын анықталды.

Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығы балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын жалған ветеринарлық сертификат қолданған.

Алайда аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат беретін құжатсыз ауланғаны анықталды.

Тергеу барысында 125 тонна көлемдегі балық экспорттауға дайындалғаны анықталып, тоқтатылды.

Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале