7.02.2024, 16:45
Оқылды: 53

Ақ Орданың іргесін қалаған тұлға кім?  

Орыс хан шамамен 1361-1375 жылдары Ақ Орданың ханы болған. Белгілі орыс зерттеушілері П. Савельев, А. Якубовский, И. Ивановтар Натанзияның «Му ин-ад-дин» атты туындысына сүйене отырып Орыс хан - Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды.

жп дала

Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылыс жасайды. Орыс хан тұсында Сырдария бойы қалалары, Еділ бойы қалалары Астрахань және Сарай Ақ Ордаға бағындырылады.

Алайда Әмір-Темірмен арадағы соғыс нәтижесінде Ақ Орда құлдырап, 1376-1377 жылдардағы шайқаста Орыс хан қаза табады. Темірдің қолдауына сүйенген Тоқтамыстың әскерлері 1377 жылы Ақ Орданың астанасы Сығанақ пен Сауранды басып алады.

Осылайша Тоқтамыс Алтын Орда мен Ақ Орданың көптеген қаласына иелік етеді. Ал Орыс хан Ақ Орданың іргесін қалаушы және зор еңбек сіңірген тұлға ретінде тарихта қалады.

 

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале