8.02.2024, 11:30
Оқылды: 36

Қазақтар сенгіш халық

ХІХ ғасырдың басында қазақтар туралы жазғандардың көбі орыс саяхатшылары, патша шенеуніктері мен орыс ғалымдары еді.

ЖП этнофестиваль (4)

Көрнекі фото

Солардың қатарында орыс ғалымы, Париж және Азия географиялық қоғамының мүшесі, Ресей Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, Ресей География қоғамын құрушылардың бірі Алексей Левшин болатын.

Оның «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен тайпаларының жазбалары» деген кітабы 1832 жылы үш том болып жарық көреді. Аталған кітаптың үшінші бөлімі қазақ халқының этнографиясына арналады.

Ол еңбекте: «Қырғыз ордасына тарап жататын жаңалықтардың жеделдігіне ешқандай почтаның жылдамдығы ілесе алмайды. Байлар мен ауқаттылар өздерінің дос-жарандарына естіген жаңалықтарын жеткізу үшін арнайы адамдар жіберіп жатады... десе, енді бірінде ... сенгіштік, бас пайдасын жете ойламаушылық олардың табиғаттан алған қасиетіме деп қаласың. Тағы бір айтарымыз-бұлардың көпшілігінің қасиеті азиялықтардың мінезіне үйлеспейтіні, бұлар күдікшіл емес, яғни қырғыздар азиялықтарға қарағанда сенгіш, өйткені ол езгінің астында өмір сүріп отырған жоқ...» деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 ж)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале