12.02.2024, 9:30
Оқылды: 22

Әділ Ғалиахметов шорт-тректен әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Дрезденде (Германия) шорт-тректен әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.

1707668184

Фото: olympic.kz

Қазақстандық Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықтың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді.

Алтын және күміс медальды сәйкесінше Оңтүстік Корея спортшылары Пак Дживон мен Чан Сунву иеленді.

Айта кетсек, 500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келген Денис Никиша қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін пенальтимен жазаланып, жүлдесіз қалды. Спортшымыз жарысты 5-ші орында аяқтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале