14.02.2024, 9:15
Оқылды: 66

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашыла ма?

ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің мәдениет істері жөніндегі кеңесшісі Цзян Пэнмен кездесті.

02b6fc257ce3f7f15e19a5a4af31f88c_1280x720

Фото: www.gov.kz

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Бейжіңде қазақстандық мәдениет орталығын және Астанада қытайлық мәдениет орталығын ашу мәселелерін талқылады.

Күміс Сейітованың айтуынша, министрлік ҚХР-дағы орталықтың тұжырымдамасын әзірлеген.

Орталық жұмысының негізгі қызметі музей ісі, кинематография мен мультипликация, орындаушылық және бейнелеу өнерін қамтиды деп жоспарланған. Сондай-ақ кітапхана мен Қазақстан туризмі бұрышын да ашу көзделген.

Айта өтейік, 2022 жылы екі елдің басшылары Қазақстан мен Қытайда тең дәрежедегі мәдени орталықтар құру туралы келісімге келген болатын. Жаңа орталықтардың ашылуы екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына серпін береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале