12.02.2024, 13:00
Оқылды: 87

БҚО-дағы фтизиопульмонология орталығында ашық есік күні өтеді

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
91bd7dd3-868a-4dc9-ab84-5a5b7499fd2c
Ашық есік күні облыстық фтизиопульмонология орталығында 15 ақпанда өтеді. Дәрігерлер 9:00-ден 15:00-ге дейін қабылдайды. Өзіңізбен бірге жеке куәлік әкелсеңіз жеткілікті.
Бұл күні туберкулез ауруын анықтаудың барлық әдісін тегін өте аласыз (GeneXpert тест, рентген суреті, сараптама қорытындысы).
Байланыс телефондары: +7(7112) 21 - 01 - 94 , 25 - 01 - 32
Мекенжай: С. Тюленин көшесі, 51.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале