12.02.2024, 17:15
Оқылды: 58

Жаңақалада «Қарызсыз қоғам» жобасы басталды

«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ұлы дала» ауылдық бизнесті дамыту республикалық қоғаммен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты.

1e20cf0b-f4f3-42fd-a3bb-0e5768f76d4a

Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында  проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Оқу бағдарламасы бойынша несие бойынша қарызы бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ азаматтар және жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер оқытылып жатыр.

9e932780-cbf9-46c0-ade6-058b548fe838

Аталған жоба аясында «Ауыл халқының қаржылық сауаттылығы бойынша құзіреттерді арттыру» оқу курсы Жаңақала ауылында 5 ақпанда басталды. Жоба Пятимар мен Көпжасар ауылында жалғасады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале