Ақпанның 9-11 күндері Оралда «Kodokon Spirit» дзюдо орталығында ұлдар арасында дзюдо күресінен жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты дзюдо күресінен жасөспірімдер арасынан салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Бұл - қайырымдылық турнирі. Ғұмар Айымның еміне қаражат жинау үшін ұйымдастырылды.
Оған Жаңақала ауданынан балалар жасөспірімдер спорт мектебінің атынан қатысқан Ислам Жәнібек 32 келі салмақ дәрежесінде І орынға, Бекжан Біржан 42 келіде ІІІ орынға болды.
Жеңімпаздарға диплом және медаль берілді.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz