12.02.2024, 23:00
Оқылды: 17

40 мың теңге үшін таксисті өлтірген екі жасөспірімге сот үкімі шықты

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен «такси жүргізушісін өлтірді» деген айыппен кәмелетке толмаған Г. және Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

aza-standa-taksi-yzmeti-10-5-ymbatta-an_6376f2c15718bФото: elitar.kz

Сот нені анықтады?

2023 жылғы жазда сотталушылар Г. және Х. пайдакүнемдік ниетпен Шымкент-Алматы бағыты бойынша такси шақыртқан.

Іс-сапар соңында сотталушылар Г. және Х., алдын ала сөз байласу арқылы такси жүргізушісі П.-ны 40 мың теңге көлеміндегі жолақысын төлеуден жалтару мақсатында өлтірген.

Сотталушылар жүргізушіге пышақпен көптеген соққы жасап, сол жерде өлтіріп тастаған.

Одан кейін сотталушылар жәбірленушінің көлігін ұрлап, 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Тараптардың ұстанымдары

Прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамады.

Үкім

Алқабилер сотының үкімімен сотталушылар Г. және Х. қасақана адам өлтіргені үшін (ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша) кінәлі деп танылып, әрқайсысына 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале