Сырым ауданында Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Мұрат Сәрсеев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, Ауған соғысының ардагерлері Мұрат Айдарханов, Ғаділ Қазиев қатысты.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің есімдерін қастерлеу мақсатында өткен дөңгелек үстелде ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерін баяндаса, оқушылар көкейтесті сұрақтарын қойды.
А.Амангелдина
Сырым ауданы
zhaikpress.kz