13.02.2024, 14:31
Оқылды: 17

Шыңғырлауда «Әзіл базары» жобасы басталды

Жаңашылдыққа құмар, ізденімпаз, креативті жастарды тәрбиелеу және олардың таланттарын ашу мақсатында Шыңғырлауда басталған «Әзіл базары» жобасы қызықты, әрі тартысты өтіп жатыр.

әхіл3

 Сайысқа жалпы аудан 12 команда қатысып, сынға түсуде. Қазіргі І кезеңде командалар «Қысқы кубокты» алу үшін бақ сынайды. Осы кезеңде жақсы ойын көрсеткендер ІІ кезеңге жолдама алады. Бірінші іріктеу кезеңінде жалпы 3 ойын өткізіледі. Осы ойындардан іріктеліп, екінші кезеңге өткен командалар финалдық бәсекеде сынға түседі. Қазіргі іріктеу кезеңінде әр ойында «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы», «Тамаша қойылым» атты үш бөлім бойынша өнер көрсетіледі.

әзіл1

Бір қуантарлығы, басталған жобаға қатысушы командалардың аяқ алысы жаман емес. Олар әр ойынға жауапкершілікпен қарап, тамаша дайындықпен келіп жүр. Осындай үлкен жоба жастарға, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй, тың ақпараттар, жаңа таныс сыйлайды.

әзіл

 

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

әзіл 2

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале