14.02.2024, 10:30
Оқылды: 45

109 жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет спектакль сахналанды

1915 жылы 13 ақпанда Семей қаласында еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

185e7f558003ea7aca21f9b842528b86_1280x720

Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - көрнекті жазушы, драматург, қазақ әдебиетін қалыптасушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов.

«Біржан-Сара» спектаклінде қазақ қоғамында әлеуметтік мәні бар әйел теңдігі мәселесі көтерілген.

Біржанның рөлін Жүсіпбек Аймауытовтың өзі, ал Сараның рөлін - Тұрар Қозбағарова сомдады.

Осылайша қазақ мәдениеті тұңғыш рет режиссура өнерімен толығып, қойылымның сахнаға шығуы ерекше мәдени құбылыс болды.

Ол өзінің «Театр кітабы туралы» мақаласында сахна өнері мен драматургияның мәдени өмірде алатын орны мен ерекшеліктеріне тоқтала келе, театр мен репертуар мәселесін тығыз байланыстырған.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале