Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязов Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №439 жарлығына сәйкес жәнібектік алтын құрсақты асыл аналар Әселім Кенжеғалиеваға «Күміс алқа», Эльмира Машаеваға «Алтын алқа» алқасы мен куәлігін табыстады.
Тимур Серікұлы өз сөзінде көп балалы ана атану үлкен абырой әрі нағыз бақыт екенін тілге тиек етіп, берекелі де өнегелі отбасы болуын тіледі. «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Елемесова бүгінгі күні бұрынғыға қарағанда батыр аналардың басым көпшілігі жастар екеніне таңданып, ақжарма тілегін арнады. Аталмыш бірлестік мүшелері де жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде қос ана Әселім Сәлімкерейқызы мен Эльмира Халиоллақызы аудан басшысына алғыс айтып, елімізде көп балалы аналарға көрсетіліп отырған құрмет пен қамқорлыққа ризашылығын білдірді.
Айсұлу Жұмабай,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz