Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдермен кездесу кезінде айтты.
- Биыл қардың көп түсуіне байланысты аймақта су тасқыны қаупі бар. Әсіресе, Жайық өзені көтеріледі деген болжам бар. Ол соңғы рет тек 1994 жылы болған. Биыл сол жағдай қайталануы мүмкін деп отыр мамандар. Біздің саяжайларымыз суға кетуі мүмкін. Біз қазіргі таңда су тасқынының алдын алу мақсатында барлық саланы жұмылдырып, жұмыс істеп жатырмызғ - деді өңір басшысы.