Бұл туралы БАҚ өкілдерімен басқосу кезінде аймақ басшысы Нариман Төреғалиев айтты.
Өткен жылы өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілері жалпы құны 1,6 трлн теңгені құрайтын өнім өндірген. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында оларға 22 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Соның арқасында былтыр 3 мыңнан астам жоба жүзеге асқан. Жаңа жұмыс орындары 4 мыңнан асып жығылады.