16.02.2024, 23:00
Оқылды: 176

Қазақ күресінен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі басталды

Бүгін Орал қаласында орналасқан «Орал» спорт кешенінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері арасында қазақ күресінен жарыс басталды.

IMG-20240216-WA0008

Аталмыш жарысқа Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен және Орал қаласының спортшылары қатысуда.

IMG-20240216-WA0007

Жарыстың ашылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев, ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Бекайдар Қазкеев,   әскер ардагерлері және өзара іс-қимыл жасайтын органдар басшылары қатысты.

IMG-20240216-WA0009

Аталмыш жарыс ағымдағы жылдың 17 ақпаны күні өз мәресіне жететін болады.

IMG-20240216-WA0005

Айта кетейік, осы жарыстың жеңімпаздары ағымдағы жылдың наурыз айында  Семей қаласында қазақша күрестен өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан чемпионатына қатысатын болады.

IMG-20240216-WA0010

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале