19.02.2024, 9:30
Оқылды: 34

Денис Никиша Әлем Кубогі кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

Бүгін Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

23b999b09fe6e9946fe01b3032e04089.sse_2066

Фото авторы: Сали Сабиров

Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді.

Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале