19.02.2024, 11:15
Оқылды: 27

Ақсайлық робототехниктар жеңімпаз атанды

Жас робототехниктер арасында «RoboLand 2024» ІХ халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Шараға Бөрлі ауданының оқушыларынан құралған бірнеше топ қатысып, байқаудың облыстық кезеңінде топ жарды.

1

Жалпы «Roboland» фестивалін өткізудегі басты мақсат – білім беруді дамыту, оқушылар арасында ғылыми-техникалық шығармашылық пен робототехникаға деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру және танымал ету, робототехникалық бұйымдарды жасау арқылы өзекті мәселелерді шешуге жастарды тарту. Міне, осы байқауда «Робогеометрия» категориясында Ақсай қаласының №4 мектеп оқушылары Саят Жакимов пен Асланбек Мурадимовтен құралған «РобоТЕХ» құрамасы жүлделі І орынды иеленді. Ал «Лабиринт» аталымында Ақсай қаласының №3 мектеп оқушылары Прохор Науменко, Станислав Салтыковтің «RoboSkill» тобы жүлделі І орын иегері атанды.

Сонымен қатар «3D прототиптеу» бағытында Ақсай қаласының №5 мектеп оқушылары Амирхан Панагужиев пен Берен Мараттың «Worst Generation» тобы ІІ орын жеңіп алса, «Робот құрастыру» сайысында №6 мектеп-лицейінің «МИФ» командасының мүшелері Назар Абрахман мен Бекжан Кенжегарин ІІІ орынға лайық деп танылды.

Облыстық фестивальде «Экороботтар қазіргі заман әлемінде» атты шығармашылық бағытта №6 мектеп-лицейін «Лего» командасы мен «Сумо» категориясында №8 мектептің «Cybertruck» командасы жарысты ұйымдастырушылардың алғысхатын иеленді.

Жас дарындардың облыстық байқауында шын мықтылығын дәлелдеп, жүлделі орындарды иеленген оқушылар мен олардың жетекшілерін Бөрлі ауданының білім бөлімі құттықтады.

Аслан Нұразғали,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале