Қазақстандық жігіт Германияда жұмыс істеп, қанша табыс тапқанын ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: видеодан кадр
"Германияда 1 миллион айлық алып, шығыннан бөлек қалтаға таза 500-600 мың теңге қалады деп айтатын бауырларға айтқым келіп тұрғаны: мен қаңтар айында 30 күн жұмыс істедім. Бұл жерде сағатына төлейтіндіктен бір айда қанша сағат жұмыс істесеңіз, сонша айлық шығады", - дейді ол.
Осылайша қазақстандық жігіт қаңтарда қанша айлық түскенін көрсетті. Ол банк картасында 1 454 186 теңге барын көрсетеді.
"Ешкімді алдау емес, сіздер секілді несие алып келгенмін", - дейді ол.