19.02.2024, 13:00
Оқылды: 102

Балабақшада қараусыз қалған бала қайтыс болған

Өзбекстанда Жизақ облысындағы жеке балабақшада бала қайтыс болды. Ол қараусыз қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

жп садик байтерек (4)

Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Әлеуметтік желілерде жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиеленушісі қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Бұл жайтқа Өзбекстанның облыстық прокуратурасы өкілдері ресми пікір білдірді.

Оқиға 15 ақпанда Дустлик ауданының махаллаларының біріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымында болған. Бала қараусыз қалған, ал кейін оның денесі балабақшадан тыс жерде табылған.

Дустлик ауданының прокуратурасы жағдайды тергеумен айналысады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале