19.02.2024, 15:30
Оқылды: 96

Қыстақта қор бар ма?

Ақпанның аяғына қарай күн ұзарып, шуағы сезіле бастағалы малшы қауым қыстақтан шығар кез жақындағанына қуанады. Қояннан ұлуға ауысқан қыстың өзіндік ерекшеліктері – қаңтардағы мұздақты жауындар, ақпандағы қатты жел мен боран мал-жанға жайлы болған жоқ.

кыстак

- Теректі ауданы бойынша биыл шаруашылықтарда 105 қыстаққа ірі-ұсағы бар 67 мыңнан астам мал тұрды. Мал басын есепке ала отырып, ауданда 145, 24 мың тонна мал азығын дайындау қаралған болатын. Шөп шығымы шамалы, гектардан түсім 5,1 центнер болғанымен, жоспарды асыра орындаған шөпшілер 196 мың тонна пішен дайындады. Соның арқасында қыс аяқтала келгенде қыстақтарда маяланған 104 мың тонна шөп, қоймада 10 мың тоннадай жем бар. Яғни, жем-шөп қоры жеткілікті. Ауыл тұрғындарына қожалықтар 250-300 келілік бір бума шөпті 8-6 мың теңгеге сатады. Шөптің нақты бағасын айтар болсақ, Ақсоғым, Ақжайық, Аңқаты, Шағатай, Шалқар округтерінде бумасы 6 мың теңгеден. Богдановта бір бума шөпті 7500 теңге, Шаған жақта 8000 мың теңгеден сатады, -дейді Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сандуғаш Айтқалиева.

Қыста жем-шөптен тарықпаған малдың ішінде шығын жоқ. Мұздаққа байланысты кей жерде жылқы тебінгіден қалып, қолға қарап тұр.

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале