20.02.2024, 9:15
Оқылды: 55

Париж - 2024 олимпиадасына дайындық штабы: ойындардың басталуына 158 күн қалды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Олимпиада ойындарына дайындық Штабы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы мен ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдерімен біріккен кездесу өтті. Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

IMG_20240220_090522_417

Жиын барысында бірқатар мәселе талқыланды. Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 8 түрі бойынша 19 жолдама бар (садақ ату - 4, тас жолдағы велоспорт - 3, нысана көздеу - 5, қазіргі бессайыс - 2, бокс – 2, грек-рим күресі - 1, еркін күрес - 1, спорттық гимнастика - 1). Жоспар бойынша 25 спорт түрі бойынша лицензиялардың санын 90-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Сондай-ақ, жүлдеге үміткер 54 спортшыдан тұратын тізім жасақталды. Құрама көшбасшылары әр спорт түрінің ерекшелігін ескере отырып, жеке жоспар бойынша дайындалады. Бір сөзбен айтқанда - олар ештеңеге мұқтаж болмайды. Олимпиада алдындағы тестілік жарыстарға қатысу да маңызды екені тілге тиек етілді. Әр спорт түрінің жарыс кестесіне сәйкес, командалардың Парижге ұшып бару уақыты бекітілетін болды.

IMG_20240220_090527_438

Сонымен қатар, ұлттық құрама спорт киімі үлгісінің дизайнын бекітіп, оны дайындау ерекше назарда болатыны ескерілді.

Айта кетейік, 2024 жылғы 17 сәуірде бүкіл ел бойынша «Олимпиадаға 100 күн» іс-шарасы өтеді. Айтулы күнге орай флеш-мобтар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале