20.02.2024, 10:45
Оқылды: 58

Сегіз миллионнан астам ақшаны ұрлаған: қылмыстың беті қалай ашылды?

2023 жылы қыркүйек айында 102 операторына жергілікті тұрғын хабарласып, сейфтен миллиондаған ақша ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды.

d14a926a-f7c6-4c3e-889c-01e8c43647ed

Белгісіз біреу Оралдағы үйдің біріне терезесін сындырып кіріп, сейфтен 10 мың АҚШ долларын және 3 миллион 700 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен. Бұл шамамен 8 миллион теңгеден асады.

Орал қалалық ПБ Шаған Пб жедел-криминалистикалық тобының криминалисті, полиция майоры Руслан Дускалиев уақыт жоғалтпай оқиға орнын, қылмыскердің келіп-кету жолын жан-жақты тексеріп шығады. Нәтижесінде ұры кірген терезеден саусақ іздерін табады.

9d23bb95-bcf9-4d81-994d-5f0d3595a733

Іздерді жедел тексеру барысында криминалистикалық есеп базасы арқылы күдіктінің кім екені анықталды.

Оның 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны екені анықталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәулікке жетпейтін уақыт ішінде қылмыскер ұсталды. Ол ұрланған ақшаны түгел жұмсап үлгермеген. Ақша тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Орал қаласының қылмыстық сотының шешімімен күдікті сотталып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале