20.02.2024, 12:15
Оқылды: 103

Қазақ ғылымын қалыптастырған ғалым кім?

Көрнекті қазақ оқымыстысы, ұлттық ғылым академиясын құрушылардың бірі - Халел Досмұхамедов туралы не білеміз? Білетініміз оның «алашшыл» болғаны, ал шығармашылығы туралы мардымды ой өріліп жүр ме?

b46b37c7-a203-46fd-8a1b-9057c2ca5c6a

Фото: kk.wikipedia.org

Ғалымның өмірбаянын қарап отырсақ, 1920 жылы «Алаш орда» таратылған соң, оның бірден мәдени-ағарту жұмысына белсене араласқанын көруге болады.

Әсіресе 1920-1925 жылдары Ташкент халық ағарту институтында оқытушы болған жылдары ғылыми ізденістерге барғаны нақты көрінеді. Осы мерзім ішінде ол қазақ тіліндегі ғылыми терминдерді ретке келтіруге арналған еңбектерін жазады.

Олардың арасында «Жаратылыстану», «Жануарлар» (1922), «Адам организмі», «Оқушылардың денсаулығын қорғау» (1923), «Зоология» (1924) секілді еңбектерін айтуға болады.

Қорыта айтқанда, Х. Досмұхамедов қазақ ғылымының қалыптасуына орасан зор еңбек сіңірген алашшыл ғалым, сондай-ақ артына медицина, тіл, тарих, этнография және әдебиет жанрлары бойынша қыруар дүниелерін қалдырған тұлға.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Алаш қозғалысы». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2014 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале