БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы орнын босатты.
Бүгін әлеуметтік желілерде «БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов өз арызы негізінде орнынан кетті» деген ақпарат тараған болатын.
Дәл қазір бас дәрігердің «креслосын» босатқандығы туралы ақпарат ресми түрде расталды.
- БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов өз еркімен жұмыстан кетті, - деп мәлімдеді БҚО әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ерхан Таткен.
Айта кетейік, Ерлан Тоқсанов басқарма басшысы болып 2023 жылдың сәуір айында ғана тағайындалған еді.
Өңірдің бас дәрігері лауазымына енді кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз.
zhaikpress.kz