21.02.2024, 9:30
Оқылды: 55

Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсті

2024 жылы су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеп жатыр.

Ақша JP

Ведомство жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылды.

«Өңірлердегі студенттер су шаруашылығы ұйымдарында өндірістік практикадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналасуы үшін ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасауды жоспарлап отырмыз. Осы жылдан бастап кейбір су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсті», – деді министр Нұржан Нұржігітов.

qazaqstantv

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале