ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін цифрландыру бойынша жүргізген жұмыс республикалық бюджеттен 717 миллион теңгеден астам әкімшілік шығысты үнемдеуге мүмкіндік берген.
Соңғы деректер бойынша әлеуметтік-еңбек саласында 27,3 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 24,4 милоионы электрондық түрде, оның 1,4 миллионы проактивті көрсетілді.
Бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласындағы 50 мемлекеттік қызметтің 48-і электрондық түрде, оның ішінде 30-ы проактивті форматта қол жетімді.
Министрлік процестерді жеңілдету және жаңа тәсілдерді енгізу арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын үнемі жақсартып отырады.