21.02.2024, 13:00
Оқылды: 13

Азамат еді аты ірі...

Кешегі екінші дүниежүзілік соғыста Батыс Қазақстан облысының Орда ауданынан 1942 жылдың маусымында майданға аттанған 362 жас жігіт қатарында азғырлық жас жігіт Мұхтар Әжіғұловта болатын.

жп дала

Сайхын станциясынан жүк вагондарына отырған бір топ жасты Сталинград облысының Дубовка қаласында орналасқан запастағы 45-атқыштар бригадасының 65-атқыштар полкіне тапсырады.

Кейін Сталинградты (Волгоград) қорғауда немістің Паулюс армиясына қарсы шабуылға шыққан 21-армия құрамында соғысқандар қатарында Мұхтар Әжіғұлов та болады.

Сол соғыс тарихында «Ұлы бетбұрыс» аталған Сталинградты қорғауда көрсеткен ерліктеріне орай 700 мыңдай адамға «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі берілсе, солардың қатарында жерлесіміз Мұхтар Әжіғұловтың болғаны біз үшін үлкен абырой.

Осылайша жеңісті Прибалтикада полковник шенінде қарсы алған Мұхтар ағамыз елге оралып, облысымыздың білім саласында ұзақ жыл қажырлы еңбек етті.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

 («Жеңіс сарбаздары». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2015 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале