Діни аңыздар бойынша бірде Мұхамбет пайғамбар жорықта жүргенде күн райы қатты бұзылып, жер мен көкті қара түнек басып, айналаны бағдарлау мүмкін болмай қалады.
Сол кезде намаз уақыты болып, құбыланы таба алмай қиналғанда бір топ шегіртке ұшып келіп бір жерге шоғырланып, жаппай жоғарыға ыршып, ишара қылады. Пайғамбар олардың құбыланы көрсетіп жатқанын бірден түсініп, намазын сәтімен оқып, баршасы риза болады.
Келесі бір діни аңызда сахабалар жиналып мешіт салғанда оның михрабын қарату үшін құбыланы анықтау қажет болады. Сол тұста шегірткелер қосыны ұшып келіп, құбыланы көрсетеді.
Содан бастап шегіртке мұсылмандар үшін қасиетті жәндік саналып, оларды бейсауат өлтіруге тиым салынған екен деседі.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz
(«Салт-дәстүр сөйлейді». Хрестоматиялық анықтамалық. А. 2017 жыл)