5.09.2016, 11:07
Оқылды: 79

Қаратөбеліктер - қоғамдық қабылдауда  

 каратобе филиал«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында филиал төрағасы, аудан әкімі Асхат Шахаров аудан тұрғындарын қабылдады.


Филиал төрағасының қабылдауында болған қаратөбелік зейнеткер,  еңбек ардагері Рысты Ғалымжанова, ауыл тұрғындары Қайрат Зейнуллин мен Жанар Стамғазиева үй-жайы құрылысына байланысты көмек беруді, жұмысқа орналастыру және т.б мәселелер бойынша өтініштерін айтты.

Филиал төрағасы А.Шахаров тұрғындар өтініштеріне байланысты тиісті орындар басшыларына тапсырма берді.

Аудан басшысы А.Шахаров филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразовқа көшбасшы партияға халықтың сенімін арттыру мақсатындағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Ерболат РАЙСОВ

                                                                 Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале