22.02.2024, 12:15
Оқылды: 46

Көктемге дайындық қарқынды ма?

Қазіргі уақытта Шыңғырлау ауданы бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында көшелердің қарын шығару, су өтетін құбырларды, арықтар мен жыраларды тазалау жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

жп чингирлау кар (4)

Бұл іске жалпы үш техника жұмылдырылған. Аудан орталығымен қатар, ауылдық округтерде де осындай шаралар жүргізіліп жатыр. Ауылішілік қана емес, сыртқы қатынас жолдарындағы көпірлердің де асты қардан тазартылып, жыралардағы теректер кесілді. Бес мыңнан астам құм толтырылған қапшық дайындау жоспарға алынып, жұмыс атқарылуда.

жп чингирлау кар (3)

Аудандық мекемелерден қызметкерлер сенбілікке тартылды. Жаяу жүргіншілер жолдарының қарын ашып, тұз себуге көмектесті. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс жүргізіле бермек.

жп чингирлау кар (1)

- Аулаларыңызды су баспау үшін, көшелеріңізде қар шығарып жатқан техникаларды пайдаланып, қарды шығартып алуларыңызды сұраймын. Сондай-ақ төтенше жағдайларға төтеп беру үшін жасалып жатқан дайындықтарда белсенділік танытып, сенбіліктерге шығып, алдын алу шараларына атсалысуға шақырамын, - дейді аудан әкімінің орынбасары Миржан Нұртазиев.

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале