22.02.2024, 22:30
Оқылды: 127

Шыңғырлауда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өтті

«Дария бастауын бұлақтан алады» - дегендей, елеулі еңбек етіп, сөзден өлең өрнектеп, өмірін өлеңмен өрген жерлес ұстаз - ақын Қойшыбай Бижановтың «Сезім самалы» атты өлеңдер кітабында Шыңғырлау ауданының тарихын, адамдарын тебірене жырлаған туындылары бар. Сол шығармаларын оқырмандарға, өскелең ұрпаққа  ұсыну, таныстыру, ақынның өлеңіне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Шыңғырлау ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Изображение WhatsApp 2024-02-22 в 19.28.10_7b2b0657

Ауданнан, ауылдық округтерден қатысқан оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақынның танымал өлеңдерімен қатар оқушылар жергілікті ақын Адақ Танабайұлы, Қаршыға Асу, Самат Байболатов және Айдос Исекеновтің өлеңдерін мәнерлеп оқып, жыр сүйер қауымға поэзия иірімдерінен рухани демалыс сыйлады.

7

Салтанатты шара басында Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы Адақ Танабайұлы сөз сөйлеп, бөлімге осындай шараны өткізіп жатқандары үшін алғысын білдірді. Осы шарада ақынның отбасы, ұл-қыздары қатысып, байқау соңында оқушыларға отбасы атынан дайындаған тәтті сыйлықтарын табыстады.

4

Салтанатты шара соңында сөз сөйлеген бөлім басшысы Олжас Сейтімов: «-Біз өз ақындарымызға құрмет жасауымыз қажет, алдағы уақытта да жергілікті ақындарымызды дәріптейтін, осындай іс-шаралар жалғасын табатын болады»,- деді. Байқау қорытындысы бойынша жақсы өнер көрсеткен қазылар құрамында болған, ақынның қызы Майра Қойшыбайқызы байқауға қатысқан оқушыларды марапаттады.

6

Айгүл Байғалиева,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале