23.02.2024, 9:30
Оқылды: 21

Рамис Дінмұхаметов мәреге үшінші болып жетті

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2-медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

a4855fdae29d8e684b112af90ed731ff

Фото: kazsports.kz

Топтан тыс қалу жарысында Рамис Дінмұхаметов қола жүлдеге ие болды. Осы бағдарламада әйелдер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Рината Сұлтанова жүлдеге бір табан жетпей, 4-сатыдан көрінді.

Ал спринтте Дмитрий Резанов мәреге 10-шы, Андрей Чугай 13-болып жетті.

Айта кетейік, Рамис былтыр Малайзияда өткен сары құрлық додасында жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль жеңіп алған. Сосын, Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында «мэдисон» бағдарламасында Артем Захаровпен жұптасып, қола жүлдегер атанған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале