Шыңғырлау ауданында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, өскелең ұрпаққа қадірін жеткізіп, елдігіміздің басты белгілерін мәңгілік құрметтеуге баулу – басты идеологиялық жұмыстың бірі ретінде қарастырылған.
Шыңғырлау аудандық «Болашақ» бөбекжайында әр дүйсенбі күні балалар мен тәрбиешілер Қазақстан Республикасын мемлекеттік гимнін шырқауды дәстүрге айналдырған.
Бұл дәстүр аудан орталығындағы Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінде де бар.
- «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында әр апта сайын дүйсенбілік лездеме өтеді. Сол жиында барлық оқушы мемлекеттік гимнді орындайды. Сондай-ақ бастауыш буын мен жоғары сыныптар арасында «Менің туым», «Менің мемлекеттік рәміздерім» сынды тәрбие сағаттары, іс-шаралар өткізіледі, - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сұлтанғалиева.
Ауданда осы бағытта жылына екі рет аудан әкімінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық кеңес отырыс өтеді. Тоқсан сайын мемлекеттік мекемелерде мониторинг тұрақты жүргізіледі.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz