23.02.2024, 18:39
Оқылды: 69

Оралда «Бала барысы» турнирі басталды

«Орал» кешенінде қазақ күресінен «Бала барысы» атты ашық қалалық турнир басталды. Өңірдің үздік жас палуандарының басын қосқан боз кілем бәсекесінде әр аудан мен Орал қаласынан келген 38 жас палуан бақ сынауда.

IMG-20240223-WA0101

Бала палуандардың шеберлігін шыңдап, облыстың жас барысын анықтауды мақсат еткен жарыс «Орал» спорт клубының 10 жылдығына орайластырылды. Өңірімізде бұрын соңды болмаған ерекше турнирді қалалық спорт бөлімі мен «Орал» спорт клубы ұйымдастыруда.

IMG-20240223-WA0095

Бүгін жалауы желбіреген жарыстың ашылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин, грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы Артур Үмбетқалиев, самбо күресінен Азия чемпионы Темірлан Көлбай және басқа да қадірменді қонақтар мен спорт саласының майталмандары қатысты.

- Қазақпен бірге жасасқан ұлттық күресіміз осы күні қанатын кеңге жайды. Бүгінгі сында жеңімпаз жүлдегер атанған спортшылар болашақта өңір намысын «Қазақстан барысы», «Әлем барысы» сынды бәсі биік додаларда ел намысын қорғайтынына сенеміз. Бағы мен бағы қатар шапқан шын мықты жеңіске жетсін, - деді бәсеке ашылуында Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев.

IMG-20240223-WA0099

Одан соң облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жеңіс Нығметуллин сөз алып, палуандарға сәттілік тіледі.

IMG-20240223-WA0097

Боз кілем бәсекесінің қорытындысы бүгін шығады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале