Спорттық гимнастикадан Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақ спортшысы Нариман Курбанов топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Нариман гимнастикалық ат снарядында жаттығудан 15.433 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды иорданиялық спортшы еншілесе, үздік үштікті Оңтүстік Корея атлеті түйіндеді.
Айта кетелік, Каирде өткен әлем кубогі кезеңінде Нариман бесінші орын алған болатын.
Әлем кубогі кезеңдерінде жиған ұпай арқылы гимнастар Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады.