26.02.2024, 19:02
Оқылды: 49

Жұмыстан шығып кетіп, 2-3 айдан кейін қайта орналасса, МӘМС-тегі статусы сақтала ма?

Қазақстандықтар жұмыстан шығып, кейін 2-3 ай көлемінде ресми түрде жұмыс істемей, біраз уақыт үзілістен кейін қайта жұмысқа орналасса, сақтандыру мәртебесі сақтала ма? Бұл сауалға Медициналық сақтандыру қоры өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

p1uxckk4c8wkehuu-lgФото: janabastau.kz

Адам бір жұмыс орнынан шығып, 2-3 айдан кейін ғана жұмысқа орналасса, бұл аралықта МӘМС жүйесіндегі мәртебесі де өзгереді екен.

"МӘМС-ке міндетті төлемдерді төлеу тоқтатылса (төлемдер арасындағы үзіліс), оның сақтандыру мәртебесі "сақтандырылмаған" болып өзгереді. Алайда төлеушілер санаттары үшін соңғы төлемнен кейін 3 ай ішінде шартты сақтандыру мәртебесі сақталады. Бұл шарт қызметкерлерге, дербес төлеушілер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері, жеке практикамен айналысатын адамдар және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтіндерге қатысты. Бұл уақытта медициналық қызметтерді алуға болады, бірақ осы өткізіп алған кезеңдер үшін жарналарды төлеу қажет болады", - деп жауап берді қор өкілдері.

Сонымен қатар, тұрақты табысы жоқ маусымдық қызметкерлер МӘМС-ке қалай ақша аудара алатыны айтылды.

"Маусымдық жұмыскерлер үшін табыс түсіп тұрған кезде оның жұмыс берушісі жарна төлейді, табыс болмаған кезеңде ол екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы ЕТЖ-ның (ең төменгі жалақы - еск.) 5 пайыз мөлшерінде аударымдарды өзі төлей алады", - деп жазылған жауапта.

Еске салайық, бұған дейін МӘМС үшін жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлерге бұрынғыдай, яғни жалақының 3 пайыз мөлшерінде ақша аударатыны хабарланды. Төлемнің шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 25 500 теңгеден аспайды. Жұмыс беруші бұл қаржыны өз қалтасынан төлейді. Ал жұмыскерлер жалақысынан 2 пайыз ұстап, қорға аударады. Жарнаның шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 17 000 теңгеден аспауға тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале