Ұлттық статистика бюросы былтыр байланыс қызметінің көлемі 7,1 пайызға өскенін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бюроның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pexels
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында байланыс қызметтерінің көрсетілген көлемі 1,2 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1 артық артық.
Негізгі байланыс қызметтері:
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген телефон желілерінің саны 5,6 пайыз қысқарып, 2,1 млн абонентті құрады.
Ұялы байланыс абоненттерінің саны 12 айда 0,7 пайыз өсті.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлығы 25,2 млн ұялы байланыс абоненті болды. Тұрақты интернетті 3 миллион абонент (5,9 пайыз артық) пайдаланды.