27.02.2024, 17:30
Оқылды: 46

«Ол Хорезмде моңғолдарға қандайда бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейтін»

Жошы хан 1187-1227 жылдары өмір сүрген Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Кешегі Дешті-Қыпшақты билеген, атақты Жошы ұлысының негізін қалаушы.

жп дала

Кейбір тарихи жазбаларда:

«Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, ол Хорезмде моңғолдарға қандайда бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейтін» деп жазған.

Ал кейбір пікірлес адамдарға. «Шыңғыс хан, сірә алжыған, өйткені осынша жерді ойрандап, мұншама халықты қырғынға ұшыратты. Сондықтан мен аңға шыққан кезде әкемді өлтіремін!..» дегенді айтқан деседі.

Оның осы ойын Шағатай Шыңғыс ханға жеткізеді. Қаһарына мінген Шыңғыс хан сенімді адамдарын жіберіп Жошының әкесіне келуін бұйырады. «Егер ол келуден қашқақтап Хорезмде қалатын болса, үн-түнсіз қанжар сұғып өлтіре салыңдар» дейді.

Жошы болса «сырқатпын» деп сылтау айтып қыпшақ даласында қала береді. Ашуға булыққан Шыңғыс хан Жошыға қарсы Шағатай мен Үгедей бастаған әскерді жасақтап жатқан тұста Жошы қазаға ұшырады деген хабар жетеді.

Осылайша әке мен бала арасындағы соғыс болмай қалады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress. kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале