27.02.2024, 12:15
Оқылды: 55

Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы әкелінген психотроптық заттар тәркіленді

Психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті тексеріп жатыр.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі жазды.

85d92f00cdfb2fb3f5bfaa0f05e4db10_1280x720

Фото: www.gov.kz

Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімі анықталған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленген.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале