Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева 80 жасқа толады.
Ақжайықтың «Ақшағаласы» атанған ақынның мерейтойына арналған іс-шаралар басталып та кетті.
Жақында Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің демалу орталығы «Ақыны Ақжайықтың Алаш сүйген» атты фестиваль өткізді.
Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйінде өткен фестивальды демалу орталығының директоры Бекей Қанатов құттықтау сөз сөйлеп ашты.
- Еліміздің соның ішінде, батыстың мақтанышы, ақын апамыздың мерейтойына жыл бойына көптеген іс-шара жоспарлап отырмыз. Бұл алғашқы беташар шарамыз, - деді Бекей Мейрамғалиұлы.
Ақбұлақ ауылының «Мирас» аталар клубының мүшесі, ауылдың батагөй ақсақалы Мақсот Молдаш, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Дариға Нұрашова, белгілі айтыс ақыны Жарқынбек Шынтаев қазылық еткен фестиваль екі кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең бойынша 8 қатысушы Ақұштап апамыздың өлеңдерін жатқа оқудан жарысқа түссе, екінші кезеңде 4 қатысушы ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады.
Дариға Нұрашова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz