28.02.2024, 10:30
Оқылды: 98

«Қайыр ханның аузына қорғасын құйыңдар»

Отырарды жеті ай қорғаған Қайыр хан қала тұрғындары үшін батылдық пен батырлықтың үлгісін көрсетеді. Алайда Қаража Қажып бастаған сатқындардың моңғолдар жағына өтіп, қақпаны ашып беруі отырарлықтардың жеңілісімен аяқталады.

жп дала

Көрнекі фото

Шағатай мен Үгедейдің қолына түскен Қайыр хан Шыңғыс ханға жеткізіледі. Сол жерде Қайыр ханның көзінше: «Еліңді саттың, сендей сатқын маған да керек емес», - деп Қаража Қажыптың басы алынады.

Сонда Шыңғыс хан: «Менің елшімді өлтірген сен бе?», - деген сауал қояды. Оған Қайыр хан: «Сенің елшің соғыстың басталуына себепкер болды. Оның қанқұмар жанын жер де, Көк Тәңірі де қабылдамайды. Ал сүйегін құрттар кеміреді», - деп жауап берген деседі.

Сонда Шыңғыс хан: - Қайыр ханның аузына қорғасын құйыңдар, - деп әмір еткен екен. Осылайша Отырар билеушісі Қайыр хан 1220 жылы айуандықпен өлтіріледі.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале