БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының және Орал қалалық учаскелік полиция инспекторларымен қала тұрғындарының аулаларында жабайы түрде өсетін қарасораны жою бойынша шаралар жүргізу барысында қаладағы Құрманғазы көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласынан қарасора өсімдігін тапты. Сондай-ақ, сол үйдің иесі 29 жасар қала тұрғынының үй-жайын тінту кезінде сіріңке қорабына салынған арнайы иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік тектес ұнтақ затты тәркіледі. Осыған сәйкес ҚР ҚК-нің 300-бабы және 296-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілетін болады.
www.zhaikpress.kz