6.09.2016, 11:24
Оқылды: 79

Қазталовта «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты байқау өтті

«ПАЙ-ПАЙ, ШІРКІН, ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ-АЙ!» БАЙҚАУЫ    Әр халықтың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де ерекшеліктер болады. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.


    Ақын Қадыр Мырза Әлидің " Алмас жерде қалмас" кітабында "Келін, келін кердеңдеме, Сен өзің де ертеңгі ене" деген сөзі бар. Әрі ата-анаңның атына кір келтірмей, жақсы қыз тәрбиелепті деген секілді алғыс еститіндей етіп тәрбиелі келін деп аталғанға не жетсін. Отбасының ұйытқысы болу қашан да ел мен елдің арасын жалғап отырған келіндердің міндеті іспеттес.

     Осыған орай 5 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде  Отбасы күніне арналған «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер байқауы өтті.

    Келіндер байқауына ауданымыздың Талдықұдық, Бозоба, Жұлдыз, Талдыапан, Қошанкөл, Қайыңды, Ақпәтер, Жалпақтал, Әжібай, Ащысай, Бостандық, Көктерек ауылдарынан үміткерлер қатысты.

       Байқауда ұлттық салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, шеберлік және өнерден сайысқа түсті. Байқауға қатысқан 12 келіннің қай жағынан алып қарағанда да отбасының «алтын келіндері» саналатыны көрініп тұрды. Олар байқауда  өздерін әр қырларынан көрсете білу арқылы көрерменнің көңілінен шықты.

    Нәтижесінде 3-орынды қошанкөлдік Айғаным Қауданова, ақпәтерлік Ақжүніс Үсенбаева, бозобалық Балауса Сапарова, 2-орынды қайыңдылық Сәндігүл Майшина, бостандықтық Айсұлу Қадерова, 1-орынды жалпақталдық Нұргұл Қадерова иеленсе, бас  жүлдені  талдыапандық Данагүл Ралитова жеңіп алды.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале