Теректі ауылының тұрғыны, зейнеткер Қуанышбай Өрбісінов мерейлі 70 жасқа толды.
Теректі ауданы әкімдігінде бірнеше жыл еңбек еткен қуаныш иесінің негізгі мамандығы – құрылысшы.
Қазіргі таңда жары Ардақ апа екеуі ұл-қыздарының, немере-жиендерінің қызығын көріп отыр.
Қуанышбай аға - күні кешеге дейін спортты серік етіп велосипедке мініп, салауатты өмір сүруді ұстанған жан. Бұл хақында газетімізде мақала да жарық көрген болатын.
Қуанышбай Бақтығалиұлының қолынан әркез кітап түспейді. Он күнде бір кітапты «кеміреді», орыс тілінде жарық көрген кітаптарды да «қағып салады». Өзі оқып қана қоймай, кітаптағы ақпаратты, түрлі мәліметті немере-жиендерге де айтып, үйретіп отырудан жалыққан емес.
Теректі аудандық орталықтандырылған кітапханасының тұрақты оқырманы. Туған күніне орай аталмыш кітапхананың қызметкерлері мерейтой иесін назардан тыс қалдырмады. Арнайы құттықтай барып, алғысхат табыстап, ұзақ ғұмыр тіледі.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz