1.03.2024, 12:17
Оқылды: 55

Ғылым қорының қолдауымен «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жобалары сыртқы нарыққа шықты

"Профессор, ветеринария ғылымдарының докторы Нұрлан Ахметсадықовтың жетекшілігімен «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ғалымдарының әзірлемелері Грузия мен Әзірбайжан мемлекеттеріне экспортталды", - деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

f15df6e57a09f8d41157b52777cbdd55_1280x720

Шаруа қожалықтары басшылары мен фермерлер тарапынан қызығушылық қазақстандық ветеринариялық өнімдерінің – иммунобиологиялық препараттардың және диагностикалық тест-жүйелерінің жоғары сапасымен байланысты.

Өндірілген препараттардың ішінде қой, ешкі және ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы отандық «BRUVAC» және «BRUCON», жануарлардың құтырық індетіне қарсы «RHABDOVAC», жылқының ринопневмониясына қарсы «EQUIRHIN» вакциналары бар.

Бұл вакциналардың құны ұқсас препараттардың коммерциялық құнынан төмен, өйткені жергілікті компоненттердің үлесі 80-90% құрайды. Профилактикалық препараттардың өндіріс көлемі жылына 52-70 миллион доза, диагностикалық препараттар 30-50 миллион дозаны құрайды.

Сонымен қатар, мамандар сүт және сүт өнімдері саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, май қышқылдарының құрамын, фитостеролдарды және транс изомерлерін сараптау қызметін көрсетеді, гидрленген өсімдік майларын немесе олардың басқа майлармен қоспаларын пайдаланатын жалған сүт өнімдерін анықтайды.

Кәсіпорынның ғылыми-зерттеу базасы ветеринария, биология, химия және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы түрлі тапсырмаларды орындауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және Алматы технологиялық университеті студенттері, магистранттары, докторанттары жыл сайын ғылыми-зерттеу тәжірибелерін өткізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале