1.03.2024, 16:00
Оқылды: 90

Энергетика вице-министрі: «Электр қуатын тарататын коммуналдық кәсіпорындардың тозығы жеткен»

Бүгін «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Асхат Хасенов облыс тұрғындарымен кездесті. Басқосуға облыстық энергетика ТҮКШ басқармасының басшысы Мирас Мүлкай төрағалық етті.

вице мин тку (2)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 863 Жарлығына сәйкес орталық атқарушы органдар басшылары халықпен кездесулер өткізуі тиіс. А. Хасенов отын-энергетикалық кешен саласында атқарылып жатқан жұмыс жөнінде баяндады. Бүгінде облыстың 99,8 пайызы газдандырылған. Тұрғындар үшін бөлшек саудадағы газ бағасы - 18,19 теңге/м3. Кездесуде қойылған сұрақтардың 90 пайызы электр қуаты тарифінің бағасына қатысты қойылды.

вице мин тку (3)

- Республика бойынша электр қуатын тарататын коммуналдық кәсіпорындардың тозығы жеткен. Жүктеме көбейсе, электр қуаты тапшы болады. Біз бұл мәселені жаңа стансалар салу арқылы шешуіміз керек. Тек стансаларды емес, электр жарығын тарататын желілерді де күтіп ұстауымыз қажет. «Жайықжылуқуат» АҚ-ның тозуы 80 пайыздан жоғары. «Батыс Қазақстан аймақтық  электр желілік компаниясы» ЖШС-ның 20 мың шақырымнан асатын желісі 80 пайызға тозған. Олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін бізге тарифті ақырындап көтеруге тура келеді. Біз бұдан қаша алмаймыз. Қазір тұрмыстық тұтынушылар үшін 1 кВт/сағ электр энергиясы ҚҚС есебінсіз 22 теңге. Кез келген кәсіпорын тарифті өсіруге ұсыныс білдіреді. Министрлік оның қаншалықты дұрыс, заңды екенін қарастырады, - деді вице-министр.

вице мин тку (4)

«Батыс Энергоресурстар» ЖШС электр энергиясына тарифті көтеруге өтінім берген еді.

вице мин тку (6)

- Бұл кәсіпорынның ұсынысы әлі де қарастырылуда. Жақын арада жауап береміз. Қазір біз тариф бағасының тез көтеріліп кетпеуі үшін мүмкіндігінше ұстап тұрамыз. Бірақ  электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін тариф бағасы бәрібір кезең-кезеңмен көтеріледі, - деді А. Хасенов.

вице мин тку (5)

Кездесуден соң вице-министр тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

вице мин тку (1)

Мақаланың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айна Имашева

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале