Бүгін Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, ішкі саясат бөлімінің басшысы Аслан Бижанов ардақты ана, ардагер ұстаз Гүлжиян Даумованың мерейтойымен құттықтады.
- Сізді аудан халқы бес бірдей ұл-қыз өсірген алтын құрсақты ана, білікті ұстаз ретінде таниды. Үй тірлігі, ұрпақ тәрбиесі мен мектеп жұмысын тең ұстап, талай жетістікке жеттіңіз. Еткен еңбегіңіздің жемісін, ұрпағыңыздың қызығын көріп отырсыз. Алдағы күндерде тек қуаныш-қызық көріп, балаларыңызға тілекші боп, арамызда аман отыра беріңіз, - деді Тілеген Арыстанбеков.
Лариса Қайырғалиева да сабырлы да, салиқалы болмысымен, математика пәнінің мақтаулы маманы ретінде ауданның білім саласында есімі жазылған ұстаз-анаға жақсы тілектерін арнады.
Мерейтой иесіне құттықтау хаты мен сый-сияпат табысталды.
Аз-кем әңгімеде аудан халқына танымал ұстаздарымыз бен елеулі оқиғалар еске алынып, керемет естеліктер айтылды.
Мерейлі жасқа толған анамыз да өз кезегінде еңбегін елеусіз қалдырмаған қонақтарына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz